Құжаттар мен өтініштер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
Мемлекеттік сатып алу
![]()
ЖАҢАЛЫҚТАР
Күнтізбелік жоспар
БІЗДІҢ ЖЕҢІС
БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ
ПӘНДЕР
Көркем гимнастика
Спорт этикасы
Спортшылар
Үздік спортшылар
ҚР құрамасының қатысушылары
Нұр-Сұлтан қ. құрамасына қатысушылар
МЕКТЕП ТУРАЛЫ
Мектеп басшылығы және қызметкерлер
Жаттықтырушылар
Бос жұмыс орындары
Байланыс
Картадан қарау
Спорттық этика – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 107 бұйрығының редакциясында (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының спорттық этикасы (бұдан әрі — Спорттық этика) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленген және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың және спорттық төрешілердің мінез-құлық қағидаларын белгілейді.
2. Негізгі ұғымдар:
- Жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы — спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын және спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін оның жарыстық қызметін басқаратын жеке тұлға.
- Жеке жаттықтырушы — Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасынан тыс, жеке дайындық жоспарына сәйкес спортшыны кемінде үш жыл дайындайтын жаттықтырушы.
- Спорттық төреші — арнайы даярлықтан өткен, тиісті біліктілік санатын алған және спорттық іс-шараны ұйымдастырушы уәкілеттік берген, спорт түрінің қағидалары мен жарыс регламентіне сәйкес төрелік етуді қамтамасыз ететін жеке тұлға.
- Спорттық этика — спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорттық төрешілерге арналған мінез-құлық қағидалары.
- Спорттық жарыс — спорт түрі бойынша спортшылар немесе командалар арасында үздіктерді анықтау мақсатында бекітілген регламентке сәйкес өткізілетін жарыс.
- Спорттық іс-шара — спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс немесе оқу-жаттығу жиыны.
2-тарау. Мінез-құлық қағидалары
3. Спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорттық төрешілер міндетті:
- Қоғамдық тәртіпке қайшы мінез-құлыққа жол бермеу, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде болмау.
- Адал ойын және әділ бәсекелестік қағидаларын сақтау.
- Ұлттық құрамалардың өкілдеріне, қарсыластарға, көрермендерге және жарыс ұйымдастырушыларына құрметпен қарау.
- Басқа спортшылар мен еріктілердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу және спорттық іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері кезінде саяси әрекеттерден бас тарту.
- Спорттық беделге нұқсан келтіруі мүмкін жанжалдардан аулақ болу.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, Туына және Әнұранына, сондай-ақ басқа мемлекеттердің рәміздеріне құрметпен қарау.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтіні мен музыкалық нұсқасын білу.
- Әнұран орындалған кезде этикалық нормаларды сақтау.
- Төрешілердің шешімдеріне құрметпен қарап, жария түрде дауласудан бас тарту.
- Спорттық марапаттарға (кубоктар, медальдар, грамоталар, дипломдар) ұқыпты қарау.
- Марапаттау рәсімдеріне қатысу.
- Жарыстарда, марапаттау рәсімдерінде, ресми фотосессияларда және БАҚ-пен жұмыс кезінде ұлттық құрама немесе клубтың спорттық формасында болу.
- БАҚ өкілдерінің жұмысына құрметпен қарау.
- Басқа спортшыларға үлгі болу.
- Жарыс регламентін сақтау.
4. Тыйым салынады:
- Оқу-жаттығу процесіне қатысты ақпаратты жария етуге.
- Балағат сөздер, дөрекі сөйлеу және қорлайтын ым-ишара қолдануға.
- Жарыстардың немесе оқу-жаттығу жиындарының өтуіне кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге.
- Кез келген тұлғаға (жазбаша, ауызша немесе ым-ишара арқылы) қорқытуға.
- Діни көзқарастарды ашық көрсетуге немесе басқа адамдарды діни қызметке тартуға.
5. Жеке жаттықтырушылар мен жаттықтырушы-оқытушылар спортшылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын білуін қамтамасыз етеді.
6. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары Спорттық этика мәтінін көрнекті орындарға орналастыруға міндетті.
7. Еңбек шарты жасалған күні жаттықтырушыны, төрешіні, сондай-ақ спортшы ұйымға қабылданған күні оларды Спорттық этика мәтінімен жазбаша түрде таныстыру міндетті.