
«№1 БЖМОРСМ» КММ-нің 2026 жылға арналған бюджеті
«Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес, мекеме білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мекеме ұйымдық—құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Уәкілетті орган — «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекемені қаржыландыру жергілікті атқарушы орган арқылы 006 — «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Мекеме 4 спорт түрін дамытады:
- спорттық гимнастика;
- көркем гимнастика;
- спорттық өрмелеу;
- батуттық гимнастика.
Ұйымның 2026 жылға арналған бюджеті 1 160 506 000 теңгені (бір миллиард бір жүз алпыс миллион бес жүз алты мың теңге) құрайды.
Спецификалар бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет төмендегідей қалыптастырылған (мың теңгемен):
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 1 154 616 000 теңге, оның ішінде:
- еңбекақы төлеу — 586 877 000 теңге;
- өтемақы төлемдері — 23 337 000 теңге;
- міндетті зейнетақы жарналары — 20 540 000 теңге;
- әлеуметтік салық — 32 863 000 теңге;
- әлеуметтік аударымдар — 24 708 000 теңге;
- МӘМС — 17 606 000 теңге;
- дәрілік заттарды сатып алу — 300 000 теңге;
- жанар-жағармай материалдарын сатып алу — 1 132 000 теңге;
- басқа да қорларды сатып алу (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, спорттық мүкәммал, спорттық киім-кешек және басқа да қажетті заттар) — 21 635 000 теңге;
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу — 56 692 000 теңге;
- байланыс қызметтері — 1 681 000 теңге;
- өзге де қызметтер мен жұмыстар — 262 794 000 теңге;
- өзге де ағымдағы шығындар — 104 451 000 теңге.
032 — «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша — 5 890 000 теңге.