Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ балаларды спорттың келесі түрлерімен тегін айналысу үшін қабылдайтыны туралы хабарлайды:

 

— көркем гимнастика — 2019 жылы туған;
— спорттық гимнастика (қыздар мен ұлдар) — 2019 жылы туған;
— батуттық гимнастика (қыздар мен ұлдар) — 2017-2018 жылы туған балалар❗️Балаңыз өтініш берген сәтте толық 7 жаста болуы керек.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 4 — 29 тамыз аралығында келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
📍Астана қаласы, Ә. Жангелдин көшесі, 9а
⏰қабылдау уақыты: 14:30-дан 18:00-ге дейін.
⭕️демалыс және мереке күндері құжаттарды қабылдау жүзеге асырылмайды.
Толық ақпаратты sportmektep1.kz сайтынан және мектептің әлеуметтік желілерінен sdusshor_1 парақшасынан
 📞 +7 (7172) 28-25-61 байланыс телефоны арқылы ала аласыздар.

🖇️Қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтініші;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (анықтамада міндетті түрде спорт түрі көрсетілуі тиіс).

Іріктеу спорт түрлері бойынша спорттық нормативтер мен өту балдарын тапсыру қорытындылары бойынша, сондай-ақ спортпен айналысуға медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізілетінін атап өткен жөн. Таңдалған спорт түрі бойынша спорттық нормативтермен Instagram әлеуметтік желісінде танысуға болады: sdusshor_1
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін балалар іріктеуден өту үшін топтарға бөлінеді.

№1 Балалар мен
жасөспірімдердің
мамандандырылған
олимпиадалық резерв
спорт мектебі

© 2020 БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТАР БОЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ
010000 Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан
​Әліби Жангелдин көш., 9а
Байланыс телефондары: +7 (7172) 31-85-05, +7 (7172) 53-40-71
оқу бөлімі: +7 (7172) 28-25-61
Жұмыс уақыты 8.30-дан 18.00-ге дейін,
түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Электрондық пошта:
info@sportmektep1.kz