Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Астана қаласы әкімдігінің «№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі олимпиадалық резервті даярлауға маманданған жетекші спорт ұйымы болып табылады.

Мектептің басты бағыты – спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерді ерте кезеңнен іріктеу, оларды жүйелі түрде дайындау және Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларына үміткер спортшыларды қалыптастыру. Оқу-жаттығу процесі жоғары жетістіктер спортының талаптарына сай ұйымдастырылып, көпжылдық даярлау жүйесіне негізделген.

Мекемеде көркем гимнастика, спорттық гимнастика, батуттық гимнастика және спорттық құзға өрмелеу спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті даярлау жүзеге асырылады. Жаттығу сабақтары бекітілген оқу-жаттығу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

Мектептің жаттықтырушылар құрамы – тәжірибелі, білікті мамандар. Тәрбиеленушілер республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның спорттық беделін арттыруда.

Мекеме өз қызметінде олимпиадалық қозғалысты дамытуға, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және жоғары жетістіктер спортының тұрақты дамуына басымдық береді.

Мектеп тарихынан: Мектептің құрылысы 1988 жылы Целиноград облыстық білім басқармасының қарамағында басталған. Сол жылдары спорттық гимнастика бойынша жаттығу сабақтары аға жаттықтырушы Житницкий И. С.-ның жетекшілігімен өткізілді.
Әр жылдары мектеп директоры қызметін Тютюшин Виктор Николаевич, Ибраев Серик Булатович, Алдонгаров Аллаберген Умирзакович, Танан Максат Алибаевич, Асубаев Аскар Рахимович, Шарипов Сардар Азуевич атқарды.

Алғашқы кезеңде жаттығу сабақтары бұрынғы №7 орта мектептің (қазіргі уақытта арнайы мектеп-интернат) базасында бірнеше ай бойы өткізілді. Кейін спортшыларға «Динамо» стадионынан арнайы зал бөлінді.
Мектеп өз қызметін үздіксіз жалғастырып, жоғары білікті спортшыларды даярлап келеді. ДЮСШОР-дың жұмыс істеген жылдары ішінде спорт шеберлері: Куликова О., Алехина О., Берикханова И., Коноплицкий В., Латынина А. және спорт шеберлігіне кандидаттар қатарынан көптеген спортшылар даярланды.
Қазіргі уақытта спорттық гимнастика бөлімінде тәжірибелі жаттықтырушылар қызмет атқарады. Олардың қатарында Латынина В. Н., Житницкий И. С.-ның шәкірті Сон Ен Гым, сондай-ақ Султанова С. В. бар. Мектеп түлектері, спорт шеберлері Коноплицкий В. В. және Гончарук О. М. бүгінде өз тәжірибелері мен кәсіби шеберліктерін жас спортшыларды даярлауға бағыттап келеді. Гончарук О. М. қазіргі уақытта қаланың аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Мектептің тәрбиеленушілері арасында жоғары білікті мамандар да қалыптасып келеді. Солардың бірі – Бауыржанова Аида, спорттық гимнастика бойынша жаттықтырушы-оқытушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Ол бүгінде өзі де жас спортшыларды тәрбиелеп, спорттық гимнастиканың дамуына үлес қосып келеді.

Тлегенов Қуат Еспенович
БАСШЫ

Құрметті оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіз!

Бұл ақпараттық платформада мектептің қызметі, негізгі бағыттары, спорт түрлері және тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы өзекті мәліметтер ұсынылады. Мектеп олимпиадалық резервті даярлауға бағытталып, спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерді іріктеу және жүйелі даярлау жұмыстарына басымдық береді.

Мекеме жас спортшылардың дене дайындығын нығайтуға, спорттық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға, жоғары жетістіктер спортына бағыттауға жағдай жасайды қамтамасыз етеді.

Мектептің жалпы ауданы – 1 655 м². 

Мектептің 1-қабатында жалпы ауданы 655 м² гимнастика залы, ерлер және әйелдер киім ауыстыратын бөлмелері, сондай-ақ ішкі санитарлық тораптар мен душ бөлмелері орналасқан. 2-қабатта 10 әкімшілік-басқару персоналының жұмыс кабинеті, жалпы ауданы 210 м² хореография залы, 70 м² тренажер залы, душ бөлмесі және екі санитарлық торап орналасқан.

Контингент саны:

2020 – 2021 оқу жылы — 67 топ / 825 оқушы:

Көркем гимнастика — 33 топ / 350 оқушы

Спорттық гимнастика — 16 топ / 237 оқушы

Спорттық акробатика және батут гимнастикасы — 13 топ / 152 оқушы

Спорттық би — 5 топ / 86 оқушы

2019 – 2020 оқу жылы — 51 топ / 688 оқушы, оның ішінде:

Көркем гимнастика — 18 топ / 226 оқушы

Спорттық гимнастика — 15 топ / 214 оқушы

Спорттық акробатика және батут гимнастикасы — 7 топ / 86 оқушы

Спорттық би — 11 топ / 163 оқушы

Спортшылар біліктілігі: 825 оқушының 356-і дәрежеге ие:

Жеңіп алған медальдар саны: 2020 жылы – 69. 104 оқушы-спортшылар қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 13 спорттық жарыстарға қатысып, 69 медаль жеңіп алды, оның ішінде алтын – 23, күміс – 19, қола – 27.

ХДСШ — 8

СШ — 6

СШК — 84

І сп. дәреже – 27

ІІ сп. дәреже – 17

ІІІ сп. дәреже – 20

І жас. дәреже – 61

ІІ жас. дәреже – 50

ІІІ жас. дәреже — 83

Дәреже жоқ — 469