ҚАЗ / РУС

Құжаттар мен өтініштер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер

Мемлекеттік сатып алу


welcometoastana.kz


akorda.kz

№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі

«№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»
КММ
Астана қала әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің «№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі олимпиадалық резервті даярлауға маманданған жетекші спорт ұйымы болып табылады.

Мектептің басты бағыты – спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерді ерте кезеңнен іріктеу, оларды жүйелі түрде дайындау және Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларына үміткер спортшыларды қалыптастыру. Оқу-жаттығу процесі жоғары жетістіктер спортының талаптарына сай ұйымдастырылып, көпжылдық даярлау жүйесіне негізделген.

Мекемеде көркем гимнастика, спорттық гимнастика, батуттық гимнастика және спорттық құзға өрмелеу спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті даярлау жүзеге асырылады. Жаттығу сабақтары бекітілген оқу-жаттығу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

Мектептің жаттықтырушылар құрамы – тәжірибелі, білікті мамандар. Тәрбиеленушілер республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның спорттық беделін арттыруда.

Мекеме өз қызметінде олимпиадалық қозғалысты дамытуға, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және жоғары жетістіктер спортының тұрақты дамуына басымдық береді.

Тлегенов Қуат Еспенович
БАСШЫ

Құрметті оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіз!

Бұл ақпараттық платформада мектептің қызметі, негізгі бағыттары, спорт түрлері және тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы өзекті мәліметтер ұсынылады. Мектеп олимпиадалық резервті даярлауға бағытталып, спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерді іріктеу және жүйелі даярлау жұмыстарына басымдық береді.

Мекеме жас спортшылардың дене дайындығын нығайтуға, спорттық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға, жоғары жетістіктер спортына бағыттауға жағдай жасайды қамтамасыз етеді.



Мектептің жалпы ауданы-1253,7 м2
1 қабаттағы мектепте гимнастика залы (624,8 м2), Ішкі санитарлық тораптары мен себезгі бар ерлер мен әйелдер шешінетін бөлмесі бар. 2 қабатта 10 кабинет, хореографиялық зал (230,3 м2), себезгі бөлмесі және екі санитарлық торап орналасқан.

Контингент саны:

2020 – 2021 оқу жылы — 67 топ / 825 оқушы:
Көркем гимнастика — 33 топ / 350 оқушы
Спорттық гимнастика — 16 топ / 237 оқушы
Спорттық акробатика және батут гимнастикасы — 13 топ/152 оқушы
Спорттық би — 5 топ / 86 оқушы

2019 – 2020 оқу жылы — 51 топ/688 оқушы, оның ішінде:
Көркем гимнастика-18 топ / 226 оқушы
Спорттық гимнастика-15 топ/214 оқушы
Спорттық акробатика және батут гимнастикасы-7 топ / 86 оқушы
Спорттық би – 11 топ/163 оқушы

Спортшылар біліктілігі: 825 оқушының 356-і дәрежеге ие:

Жеңіп алған медальдар саны: 2020 жылы – 69. 104 оқушы-спортшылар қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 13 спорттық жарыстарға қатысып, 69 медаль жеңіп алды, оның ішінде алтын – 23, күміс – 19, қола – 27.

ХДСШ — 8

СШ — 6

СШК — 84

І сп. дәреже – 27

ІІ сп. дәреже – 17

ІІІ сп. дәреже – 20

І жас. дәреже – 61

ІІ жас. дәреже – 50

ІІІ жас. дәреже — 83

Дәреже жоқ — 469


Мамандандырылған
балалар және спорт
№1
олимпиадалық резерв
мектебі


welcometoastana.kz


akorda.kz


Instagram


Youtube


Twitter

© 2024 БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТАР БОЛДЫ
Муниципалды мемлекеттік мекеме
«Мамандандырылған жастар спорты
№1
олимпиадалық резерв мектебі» әкімдігі
сұлтан қалалары
010000 Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан
Мекен-жайы: ул. А. Жангелдина 9а
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 31-85-05, +7 (7172) 53-40-71
оқу бөлімі: +7 (7172) 28-25-61
Жұмыс уақыты 8.30-дан 18.00-ге дейін,
түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Электрондық пошта:
info@sportmektep1.kz