
Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ балаларды спорттың келесі түрлерімен тегін айналысу үшін қабылдайтыны туралы хабарлайды:
Көркем гимнастика – 2020 жылы туған балалар;
Спорттық гимнастика (қыздар мен ұлдар) – 2020 жылы туған балалар;
Батуттық гимнастика (қыздар мен ұлдар) – 2019, 2020, 2021 жылы туған балалар.❗ Өтініш берген сәтте бала толық 5 жаста болуы тиіс;
Спорттық құзға өрмелеу – 2017, 2018, 2019, 2020 жылы туған балалар.❗ Өтініш берген сәтте бала толық 6 жаста болуы тиіс.
📍 Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 3 тамыз бен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
🕘 Қабылдау уақыты: 09:00-ден 17:00-ге дейін,
түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
⭕ Демалыс және мереке күндері құжаттар қабылданбайды.
📌 Мекенжайы: Астана қаласы, А. Жангелдин көшесі, 9А.
📄 Қажетті құжаттар тізімі:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) немесе оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
Назар аударыңыздар! Іріктеу спорттық нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі.
📞 Толық ақпаратты sportmektep1.kz сайтынан, мектептің sdusshor_1 парақшасынан немесе 28-25-61 байланыс телефоны арқылы ала аласыздар.