АСТАНАЛЫҚ ЖАС ГИМНАСШЫ VIII «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Астана қаласының гимнасшысы Ақмарал Ерекешева Якутияда өтіп жатқан VIII «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Астана қаласындағы № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақмарал көпсайыста күміс алып, финалда лента мен шығыршық үшін қола жүлде жеңіп алды. «Мен өте қуаныштымын. Мені осы жарысқа дайындаған бапкерім Меруерт Төлегенқызына алғыс айтамын. Алдағы…