Похожие записи
«Astana Venue Management» ЖШС, Тәуелсіздік сарайының ғимаратында жаттығатын спо…
«Astana Venue Management» ЖШС, Тәуелсіздік сарайының ғимаратында жаттығатын спортшыларға жағдай жасау мақсатында, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жоспарланғанына байланысты, «№1 БЖСММ» КММ (гимнастика секциясы), жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Тәуелсіздік сарайында өз қызметін қайта бастайды. Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшылардың оқу- жаттығуларын жалғастыру үшін қолайлы жаттығу залдарын…
Ұлыс оң болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!…
Ұлыс оң болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Бүгін қалалық спорт басқармасының басшысы Василий Левит басқармаға бағынысты мекемелердің басшыларымен алдағы Наурыз мейрамы бойынша жиналыс өткізді.
Жиын барысында елордада Наурыз мейрамын жаңа тұжырымдамаға сәйкес өткізу бойынша және 20 наурыз күні өтетін мерекелік шарасының атқарылып жатқан жұмыстар жайлы қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов баяндады. «Республика көлемінде алуан түрлі шаралармен 10 күн бойы аталып өтетін Ұлыстың Ұлы күні мерекесі Наурызнама деп аталады. Осы онкүндіктің әр күніне мерекелік шаралар белгіленген. Осыған…
Бүгін, Астана қаласы көркем гимнастика Федерациясының Президенті, @dusshor_1 мектеп басшысының туған күні!
Құрметті Сайранбек Ербатырұлы! Сізді мектеп ұжымының атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Алға қойған арман-мақсатыңыз жүзеге ассын. Отбасыңызға- амандық, денiңізге- саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз!Жетістігіңіз бен шығар биігіңіз асқаралы болсын!Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін.Жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Көркем гимнастикадан Атырау облысының ашық чемпионаты басталды. Жарыстың бүгін а…
Көркем гимнастикадан Атырау облысының ашық чемпионаты басталды. Жарыстың бүгін алғашқы күні. Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызға сәттілік тілейміз! Стартовал открытый чемпионат Атырауской области по художественной гимнастике. Сегодня первый день соревнований. Пожелаем удачи нашим спортсменам и тренерам!
Бүгін Мектеп басшысы Сайранбек Ербатырұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінің 2-ші курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында гимнастика, спорт түрлері бойынша болашақ кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоспарлары талқыланды. Айта кетейік, 2022 жылы Университет пен мектеп Ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойған болатын. Мектеп басшысы Еуразия ұлттық университетінің жастарын белсенділікке, жаңа жетістіктерге ұмтылуға және кәсіби өсу үшін бар мүмкіндіктерді толық пайдалануға шақырып, спортта жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.