Мектебімізде экстремизм және терроризмге қарсы қауіпсіздікке бағытталған түсіндіру жұмыстары өтті.
Шараның басты мақсаты – қоғамды экстремистік әрекеттер мен терроризмнен қорғау, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын күшейту. Іс-шара барысында тиімді стратегиялар мен алдын алу әдістерін талқылады. Бұл үрдіс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, террорлық әрекеттерге қарсы төтеп берудің және экстремистік идеологияларды жоюдың маңызды қадамы болып табылады.