Астанада «Изумруд» гимнастика мектебінің ұйымдастыруымен көркем гимнастикадан «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты ашық чемпионаты басталды.
Ішкі біріншіліктің ашылу салтанатына қатысқан қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы жас гимнасшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. «Спорттағы сұлулық дегенде, алдымен ауызға көркем гимнастика түседі. Көркем гимнастика — спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Бүгінгі таңда гимнастика спорт түрі елімізде қарқынды дамып, спортшыларымыз да көптеген жетістіктерімен ел спортының тарихында есімдерін қалдырып үлгерді. Кез келген мықты…