Бүгін Мектеп басшысы Сайранбек Ербатырұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінің 2-ші курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында гимнастика, спорт түрлері бойынша болашақ кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоспарлары талқыланды. Айта кетейік, 2022 жылы Университет пен мектеп Ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойған болатын. Мектеп басшысы Еуразия ұлттық университетінің жастарын белсенділікке, жаңа жетістіктерге ұмтылуға және кәсіби өсу үшін бар мүмкіндіктерді толық пайдалануға шақырып, спортта жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.