Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елордадағы көркем гимнастиканың дамуы» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы Сайранбек Әбілқайыр брифинг өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ негізгі міндеті мекеменің жұмыс жоспарына сәйкес спорттық резервті дайындау болып табылады. Осы мақсатта жылына бір рет бақылау-тестілеу жүргізіледі. Іріктеу жыл сайын оқу жылының басында яғни, тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында өткізіледі. Іріктеу үшін ата-ана куәлігі, электронды қолтаңба, медициналық анықтама қажет….