Бүгін қалалық спорт басқармасының басшысы Василий Левит басқармаға бағынысты мекемелердің басшыларымен алдағы Наурыз мейрамы бойынша жиналыс өткізді.
Жиын барысында елордада Наурыз мейрамын жаңа тұжырымдамаға сәйкес өткізу бойынша және 20 наурыз күні өтетін мерекелік шарасының атқарылып жатқан жұмыстар жайлы қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов баяндады. «Республика көлемінде алуан түрлі шаралармен 10 күн бойы аталып өтетін Ұлыстың Ұлы күні мерекесі Наурызнама деп аталады. Осы онкүндіктің әр күніне мерекелік шаралар белгіленген. Осыған…