Нұра
Астана қаласы “Үркер” тұрғын алабында “Нұра” дене шынықтыру- сауықтыру кешені ағымдағы жылдың 04 шілдесінен бастап өз жұмысын бастады. Үркер тұрғын алабының жас буын спортшылары үшін тұрғызылған спорттық кешен 2 қабаттан тұрады.
1-қабат келесі спорт түрлеріне арналған:
594,87 кв.м құрайтын универсалды спорттық зал көркем гимнастика, батуттық гимнастикасының спортшыларына тағайындалған.
Жекпе-жек залында (214,3кв.м) балалар киокушинкай-кан каратэ, бокс, дзюдо, кикбоксинг спорт түрлерімен жаттығады.
Тренажерлық залында (93,2 кв.м) пауэрлифтинг бойынша жаттығады.
Үстел теннисі (126,7 кв.м) залында.
2-қабаттағы тоғызқұмалақ спорт түріне арналған орын 28,3 кв.м. Велоспорт залы – 73,2 кв.м құрайды.
Сондай-ақ, аталған спорттық кешенде қарттарға арналған қызығушылық клубы (52,38 кв.м), балаларға қысқа мерзімді болуына арналған үй-жай (28,3 кв.м) және полиция пункті (52,20 кв.м) орналасқан.
Спортшылардың киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер саны 8 — (4 қыздар, 4 ерлерге арналған). Дәретхана 10.
Қазіргі уақытта спорттық кешенде спорттың 10 түрінен (көркем гимнастика — 42, батуттық гимнастика — 75, үстел теннисі — 28, тоғызқұмалақ — 12, велоспорт — 30, киокушинкай-кан каратэ — 20, дзюдо — 75, кикбоксинг — 42, бокс — 30, пауэрлифтинг — 50) балаларға оқу- жаттығу сабақтары жүргізіліп жатыр. Барлығы 404 бала шұғылдануда.
Спорттық кешенде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану үшін, жасөспірімдер, жастар және үлкен жастағы тұрғындар үшін, төмендегі спорт түрлері бойынша сауықтыру топтары ашылып, жұмысын бастады: