Бүгін мектебіміздің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде өткен жиынға қатысты
Жиынды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жауапты қызметкерлері өткізді. Модератор іс-шараның негізгі бағыттарын түсіндіріп, дәріс оқыды. Отырыс барысында жаттықтырушылар тарапынан спортшылардың «Іссапар шығындарын төлеу» бойынша іс-шаралар жоспарына тікелей әрбір спортшыға жеке-жеке жол жүру ақысын төлеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылды. Шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды…