Бүгін мектебіміздің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде өткен жиынға қатысты
Жиынды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жауапты қызметкерлері өткізді. Модератор іс-шараның негізгі бағыттарын түсіндіріп, дәріс оқыды.
Отырыс барысында жаттықтырушылар тарапынан спортшылардың «Іссапар шығындарын төлеу» бойынша іс-шаралар жоспарына тікелей әрбір спортшыға жеке-жеке жол жүру ақысын төлеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылды.
Шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Кездесуге 200-ден аса адам қатысып, пікір алмасты. Жиын соңында жаттықтырушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен бір қатар түйткілді мәселелер талқыланып оның шешілу жолдары қарастырылды.
Айта кетейік, жиналыс елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінің мәжіліс залында өтті.