Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! 

Сіздерді Астана қаласының әкімдігі халықаралық әйелдер күніне арналған ат спортының конкур түрінен қыздар арасында өтетін ашық біріншілікті тамашалауға шақырады!

Еліміздің Алматы, Қарағанды, Астана қаларымен қатар Ақмола облысынан шалт қимылдайтын шабандоз аруларымыз 8-ші наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз  биіктігі мен күрделілігі бойынша сайыстың 4 бағдары бойынша сынға түседі.

? Бірінші санат — «Әуесқойлар санаты, 105см»

? Екінші санат- «Балалар санаты 12 -15 жас, 110см»

? Үшінші санат — «Ашық сынып санаты, 120см»

? Төртінші санат — « Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120см»

Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге.  

Қадірлі ағайын желмен жарысқан сұлу да сымбаты шабандоз қыздарымызға барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Қосымша ақпарат үшін: Мадина Айткалиева 8778 760 47 91
https://www.instagram.com/reel/CpXeAboLHvV/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *