АСТАНАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ
Бүгін елордада ҚР Конституциясы күніне орайластырылған көркем гимнастикадан кіші разрядтар арасында қала біріншілігі басталды. Medipol спорт кешенінде бастау алған іріктеу кезеңіне еліміздің Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 200-ден астам жас гимнасшылар қатысуда. Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев,қалалық көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілхайыр қатысты….