Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
📍 Көркем гимнастикадан оқу-жаттығу тобына қосымша қабылдау жарияланады.
2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары туған қыздар шақырылады.
Жаттықтырушы-оқытушы, жоғары санатты жоғары біліктілік деңгейінің маманы — Нечитайло Оксана Ивановна.
📄 Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-анасының немесе заңды өкілінің еркін нысандағы өтініші;
2. Баланың ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі не цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Таңдалған спорт түрімен айналысуға учаскелік дәрігердің рұқсаты көрсетілген 027/у нысанындағы медициналық анықтама (анықтамада спорт түрі міндетті түрде көрсетілуі тиіс);
5. Жеке спорт мектебінен кемінде 1 жыл шұғылданғанын растайтын анықтама.