Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
📍 Көркем гимнастикадан команда құрамына іріктеу жарияланады.
Іріктеуге 2014 жылы туған қыздар шақырылады. Үміткерлердің КМС немесе І спорттық разряды болуы қажет.
Жаттығу сабақтарын көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерғалиева Динара Ерасылқызы жүргізеді.
📄 Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-анасының немесе заңды өкілінің еркін нысандағы өтініші;
2. Баланың ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі немесе цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Таңдалған спорт түрімен айналысуға учаскелік дәрігердің рұқсаты көрсетілген 027/у нысанындағы медициналық анықтама (анықтамада спорт түрі міндетті түрде көрсетілуі тиіс);
5. Жеке спорт мектебінен кемінде 1 жыл шұғылданғанын растайтын анықтама.
🎽 Іріктеуге өзіңізбен бірге алып келу қажет:
• секіртпе;
• доп;
• лента;
• музыка жазылған флешка.
📅 Құжаттар 2026 жылғы 3–31 тамыз аралығында қабылданады.
🕘 Құжат қабылдау уақыты: 09:00–17:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:30). Демалыс және мереке күндері құжаттар қабылданбайды.
📍 Мекенжай: Астана қаласы, Ә. Жангелдин көшесі, 9А.