Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирін тамашалауға шақырамыз! Бәйгенің “Құнан”, “Жорға”, “Топ” және “Аламан” түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі. Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды. Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де “Қазанат” атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1., №№303, 323 автобустар қатынайды) басталады….