Әлия Юсупова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. …
Әлия Юсупова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
@aliya_yussupova15
Әлия Юсупова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
@aliya_yussupova15

Нұр-Сұлтандық көркем гимнасшыларға сенім артып жеңіс тілейміз! Бүгін «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің» тәрбиеленушілері Шымкент қаласында өтетін ел чемпионатына жол тартты. Жоспарланған жарыста спорт шебері үміткерлері мен спорт шеберлері өнер көрсететіп өзара бақ сынайды. Сәттілік тілейміз!
Бүгін мектебіміздің аға жаттықтырушысы, білікті маман Меруерт Төлегенқызының туған күні. Деніңіз сау, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете беруіңізге тілектеспіз. @mira_balgin
Құрбан айт – күллі мұсылман жұрты асыға күтетін ең ұлық мейрам. Бұл мереке адалдық пен мейірбандыққа, ізгілік пен қайырымдылыққа, мейірім пен шапағатқа шақырады. Құрбан айтта жасаған ізгі амалдарыз бен игі ниеттеріңіз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Қастерлі мерекеде елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, әрбір шаңыраққа береке-бірлік тілейміз!
Бүгін мектеп ауласына да тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде спорт кешені айналасы қыстан кейін жаңарып қалды. Көшет отырғызу, ағаштар мен жол жиегіндегі қоршауларды әктеу, қоқыстан тазалау секілді көктемгі бірқатар жұмыстар атқарылды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 1 БЖМОРСМ спорттық гимнастика спортшылары Ресейдің Пенза қаласында бас қосып, арнайы базада оқу-жаттығу жиынын бастады. Оқу жаттығу жиынына біздің спортшыларымыз қатысуда. ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында кезең-кезеңімен өтті. Жиынның алдында спортшылар COVID-19 үшін міндетті тестті тапсырды. Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасын, Хорватияда өткен Әлем Кубогында екінші орын иеленген Денис…