БІЗДІҢ МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Біздің мектептің ұжымы мен спортшылары Нұр-сұлтан қаласында өткізілетін спорттық және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.

Мұнда сіз біздің мектеп үшін барлық маңызды оқиғалармен таныса аласыз,сондай-ақ фото және видео есептер жүктеу

Спортсмендерді дайындау кезінде мектептің республика және қала өміріне қоғамдық қатысуы маңызды орын алады.

Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде басшының ОТЖ орынбасары Мұстафин Асылан Қайратұлының туған күні.

Мұстафин Асылан Қайратұлы Сізді,
# 1 БЖМОРСМ ұжымының атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз – туған күніңіз құтты болсын!
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын

Бүгін «Тәуелсіздік сарайында» көркем гимнастикадан Мастер – класс өтті.

Анеля Рустемова жаттығуымызға қатысқанына өте қуаныштымыз!

Анеля Рустемова »Астана опера» театрының жетекші балеринасы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Марапаттары: Сібір мектептері халықаралық хореографиялық байқауының II сыйлығының лауреаты,

Халықаралық классикалық би байқауының Гран-при иегері

Халықаралық байқаулардың лауреаты,

Президент стипендиясының иегері

Анеля Рустемова көркем гимнастика спортшыларына арнайы келіп, барлық топтардың дайындығымен танысып шықты. Сабақ барысында балаларға көмектесіп, қателіктерін түзеді, сонымен қатар гимнастикадағы хореографияның маңыздылығын және үлкен жетістіктерге жетудің кішкентай құпияларымен бөлісті!

Біз дәл осындай қарқындағы жұмысымызды жалғастырамыз! Мұндай мастер класстар жиі өткізілетін болады!

Жыл үздігі 2021 фотосуреттері

Еліміздің ең қасиетті мерекесі тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы құтты болсын!

Бүгін осы мерекеге орай “Жыл үздігі” 2021 анықталды.

№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған резерв спорт мектебінің біршама қызметкерлері мен жаттықтырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы мен мектеп басшысы Сайранбек Ербатырұлының алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл барлық марапаттар №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған резерв спорт мектебінің тәуелсіздігі баянды болуына қосқан үлесі мен еңбектерінің жемісі.

Сіздерді осы мерекемен және арнайы номинациялармен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, саулық, бақыт пен береке және шығармашылық табыс тілейміз!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы,Оразханов Нурдаулет Амантаевич,Макжанова Назгуль Сейткожиевна және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Ермекұлы Каналимов
№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған резерв спорт мектебімен кездесу барысы

Бүгін №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған резерв спорт мектебіне
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы,Оразханов Нурдаулет Амантаевич,Макжанова Назгуль Сейткожиевна және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Ермекұлы Каналимов басты нысандарында болып, спорттық гимнастика бөлімінің спортшыларының жаттығу барысымен танысты.
Елордамыздағы «Жеңіс» спорт кешені осы­­дан 33 жыл бұрын салынды. Мектепте 815 жас спортшы-гимнасшылар білім алуда.

Мектепте 5 жастан 18 жас аралығындағы балалар дайындалады.

2020-2021 жж бастап біздің спортшыларымыз 256 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 102 алтын, 79 күміс және 75 қола медаль иегерлері атанды

Қазіргі уақытта енгізілген карантиндік шараларға байланысты кешен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жұмыс істейді.

Жылдын үздік спортшлар мен жаттықтырушыларды марапаттау

СПОРТМЕННІҢ ПСИХИКАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІ

6 ақпанда гимнастика бөлімінің спортшыларымен психотехникалық жаттығулар өтті.

Психотехникалық жаттығулармен жұмыс спортшының пайдаланылмаған психикалық резервтерін қосуға жақсы ынталандыру болып табылады. Бұл жеке дамуға қосымша серпін береді. Сабақтар тәжірибе алмасуды жеңілдетеді, көптеген мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, олардың қызметін кең, мәдени тұрғыдан көруге көмектеседі.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА БОЙЫНША ҚЫСҚЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ 2021

4-9 қаңтар аралығында Қарағанды қаласында, «ГРАН-ПРИ» ШХГ-да көркем гимнастика бойынша қысқы оқу-жаттығу жиыны өтті.

ОЖЖ жүргізеді:

– Абдыманапова Жанна Маратовна-ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

– Макарова Людмила Ивановна-ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

– Кондрашова Т.М. – Хореограф

– Загриценко И.В. – акробатика бойынша жаттықтырушы

– ШХН-ның ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР

2020 Жылдың қорытындысы!

№ 1 БЖМОРСМ спорт саласындағы келесі үздік спортшылар «Жыл үздігі» айқындалды:
Көркем гимнастикадан «Үздік спортшы» номинациясында:
Ерекешева Ақмарал – І спорттық дәреже, Қазақстан Республикасының чемпионы
Мұратқызы Сагина – ХДСШ, Қазақстан Республикасының чемпионы
Шарафиденова Дария – ХДСШ, Қазақстан және Азия чемпионыЖайлауова Эрика – СШҮ, Қазақстан Республикасының чемпионы
Мейіржанова Айым – СШҮ, Қазақстан Республикасының чемпионы марапатталды.
Спорттық акробатика және батуттық гимнастика бойынша «Үздік спортшы» номинациясында:
Аманбек Темір – СШҮ, Қазақстан Республикасының чемпионы
Жұматай Малика – І спорттық дәрежелі спортшы, Қазақстан Республикасының чемпионы марапатталды.
Спорттық гимнастикадан «Үздік спортшы» номинациясында:
Шәмшитдинова Аяжан – СШҮ, Қазақстанның чемпионы
Акимжанов Айбек 1 спорттық дәрежелі спортшы, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері марапатталды.
Спорттық би бойынша «Үздік спортшы» номинациясында:
Ашенов Нариман (және осы жылда Нариман «Спорт шебері» атағына ие болды!)
Лисовская Регина

№ 1 БЖМОРСМ спорт саласындағы келесі үздік жаттықтышулар мен қызметкерлер «*Жыл үздігі*» айқындалды:
Көркем гимнастикадан 2019-2020 жылғы үздік жаттықтырушысы номинациясында:
Старыгина Инга Ивановна мен
Широкорадова Валентина Геннадьевна марапатталды.

Мектеп жұмысына белсенді қатысып, және біздің ғимаратымыздың «Жеңіс» деп аталуына себепкер болған Бебосынова Гайни Нұрланқызын жеке құттықтаймыз!
Спорттық акробатика және батуттық гимнастикадан үздік жаттықтырушысы номинациясында:
Кеңесбеков Бектас Жеңісұлы марапатталды.

Спорттық гимнастикадан 2019-2020 жылғы үздік жаттықтырушысы номинациясында:
Султанова Светлана Владиславовна
Ефимов Евгений Евгеньевич марапатталды.

Спорттық биден 2019-2020 жылғы үздік жаттықтырушысы номинациясында:
Примакова Зиля Рафатовна марапатталды.

Жылдың үздік мектеп қызметкерлері номинациясында:
Берліғожина Аяулым Алтынбекқызы
Койшина Асель Толешевна марапатталды.марапатталды.

«Жыл қорытындысы -2020» Елорда спортының үздігіміз!

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылары мен спорт қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен спортшылар мен жаттықтырушылар сонымен қатар спорт ардагерлері қала әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хаттарымен марапатталды.

«Жылдың үздік мекемесі» номинациясында жеңіске жетті:

№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі

 

Сонымен қатар «Үздік әдіскер» номинациясында Есова Марьям Казбековна жеңіске жетті!

Сіздердің назарларыңызға "№1 БЖМОРСМ" КММ
құрама командасының спортшыларына арналған спорттық киімнің жаңа дизайнын ұсынамыз

Спорттық форма түстердің үйлесімінде жасалған: негізгі түсі-қара, ал көк, жасыл, сары-қызғылт сары және қызыл сәндік элементтерде қолданылады. Кеудесінде, арқасында мектеп логотипі бар қала атауының, оң қолында мемлекеттік ту, сол қолында мектеп логотипі бар.
Футболка дәстүрлі ақ түсті.

Спорттық гимнастика федерациясы президенті кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиыны

7-20 ақпан аралығында Пенза қаласында спорттық гимнастика федерациясы президентінің Кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті.
ОЖЖ мақсатқа жетуге бағытталған: жаңа элементтерді оқыту, спорттық шеберлікті арттыру. Біздің гимнастшыларға ресейлік құрама командасының жаттықтырушы-кеңесшісі Булушев Анатолий Сергеевич көмектеседі.

"Бұрқасын-2020" жыл сайынғы қысқы фестивалі

22 ақпанда елордада жыл сайынғы «Бұрқасын – 2020″ XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтті»
Осы жыл сайынғы қысқы фестиваль аясында спорттың 8 түрі бойынша жарыстар өтті: шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, шайбалы хоккей, белдікпен күрес, қысқы мини-футбол, арқан тарту және мотоспорт.


Жарыс жеңімпаздары әр топта барлық қашықтықты бағындыруды талап ететін ең аз уақыт бойынша анықталды.
Әр жас санатының жеңімпаздары 1, 2 және 3 орын үшін дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеудің ресми ашылу рәсімі

21 қаңтарда «Астана опера» театрында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара болып өтті, оған Нұр-сұлтан қаласындағы №1 БЖСМОРСМ тәрбиеленушілері: Шарипов Ильяс, Шарипова Диана, ли Анастасия, Ли Артур, Рахимов Бекнұр, Сегізбаева Әнел, Ахметжанова Адель және Шегай Виктория аға жаттықтырушы Түсіпбекова Әлия Майданқызы басшылығымен қатысты. Театр сахнасында қазақстандық әртістердің орындауында Абайдың сөздері мен әндері шырқалды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ақыны мен ойшылына арналған салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, жыл бойы еліміздің барлық аймақтарында өтетін мерейтойлық іс-шараларға ресми түрде бастама берді.

 

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мереке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №1 ОРМБЖСМ-де салтанатты жиын өткізілді,оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Салтанатты бөлім бұқаралық жаттығу және көңілді эстафетамен жалғасты.

№1 Балалар мен
жасөспірімдердің
мамандандырылған
олимпиадалық резерв
спорт мектебі

© 2020 БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТАР БОЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ
010000 Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан
​Әліби Жангелдин көш., 9а
Байланыс телефондары: +7 (7172) 31-85-05, +7 (7172) 53-40-71
оқу бөлімі: +7 (7172) 28-25-61
Жұмыс уақыты 8.30-дан 18.00-ге дейін,
түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Электрондық пошта:
info@sportmektep1.kz