«БЕЛЕСКЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА»: ЕЛОРДАЛЫҚ ГИМНАСШЫЛАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Астана қаласында гимнастикадан «Белеске жету жолында» атты шығармашылық кеш өтті.
Елорда төрінде екінші рет ұйымдастырылып жатқан кешке арнайы қонақ ретінде көркем гимнастикадан топтық бәсекеде Токио Олимпиадасының чемпионы, болгар өкілі Лаура Траатс арнайы келді.
Шығармашылық кешке Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Спортты дамыту дирекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Имашев, көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова және т.б құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік шарада сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қаладағы гимнастиканың биылғы жетістіктеріне кеңінен тоқталып, жас гимнасшыларға келер жылғы халықаралық жарыстарда жеңіс тіледі.
Сонымен қатар, кеш барысында Астана қаласындағы гимнастиканың дамуына өз үлестерін қосқаны үшін бірқатар жаттықтырушылар мен спортшылар алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кеште елордалық гимнастика шеберлері өздерінің шығармашылықтарын кеш қонақтардың назарына ұсынды.