Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елордадағы көркем гимнастиканың дамуы» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы Сайранбек Әбілқайыр брифинг өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ негізгі міндеті мекеменің жұмыс жоспарына сәйкес спорттық резервті дайындау болып табылады.

Осы мақсатта жылына бір рет бақылау-тестілеу жүргізіледі. Іріктеу жыл сайын оқу жылының басында яғни, тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында өткізіледі. Іріктеу үшін ата-ана куәлігі, электронды қолтаңба, медициналық анықтама қажет. Толығырақ ақпаратпен әлеуметтік желіде хабарланады.

Биыл, оқу жылының басында мектепке 5 пен 18 жас аралығындағы 545-тен астам бала қамтылды. Меткепте жоғары санатты 27 жаттықтырушы, 14 хореограф жұмыс істейді.

2022-2023 оқу жылының басынан бері спортшылар 305 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 124 алтын, 106 күміс және 75 қола медаль бар.

ҚР спорт шебері, әлем чемпионаты және халықаралық жарыстардың жүлдегері ұлттық құраманың мүшесі Дильназ Байленова, Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Айым Меиржанова мектептің мақтаныштары.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *