Жас гимнасшылардың залы болады

Осыдан бірер ай бұрын Астанада үлкен дау болды. Тәуелсіздік сарайында жаттығып жүрген жүздеген өрен ғимаратты босатып, дайындықтан қол үзуге мәжбүр болды. Журналист @kazhenov.aslan Аслан Қаженов бұл мәселені бізбен бірге көтерді.

Енді, міне, араға аз уақыт салып, тығырықтан шығар жол табылды. Мен бастаған топ, бүлдіршіндер әзірлігіне қажетті, яғни, көркем гимнастика талаптарына сай зал тауып, келісімге келдік. Бір аптадан кейін ресми таныстырылымы болады.

Бұған қоса, қалалық әкімдік енді арнайы көркем гимнастика залын салуға білек сыбана кіріспек. Қазір жобалық-сметалық құжаттары реттеліп жатыр. Яғни, алдағы уақытта ешкімнің қас-қабағына қарамай, жекенің меншігін жалға сұрамай өздері жаттыға береді.

Жақсы жаңалықпен Асланмен де бөлістім. Енді барлығы ойдағыдай орындалып, отандық спорт игілігіне жұмыс істейді деген үміттеміз.

——
У гимнасток будет свой зал.

К решению этого вопроса мы шли долго. Искали соответствующий зал и вели много переговоров. И наконец всё же договорились. Мы нашли зал, который подходит для полноценных тренировок наших гимнасток. Через неделю официально представим и покажем.

К тому же, городской акимат приступит к строительству отдельного специализированного зала для занятий художественной гимнастикой. Сейчас готовят проектно-сметную документацию. Это значит, что уже в ближайшее время мы сможем готовить будущих чемпионов уже в собственном зале.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *