Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты басталды. Жарыс үш күнге …

Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты басталды.
Жарыс үш күнге созылады: 18, 19 және 20 қараша.

Чемпионатқа 13 көркем гимнастика мектебінен 340-тан астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Астана мен Қарағанды ​​мектептерінің оқушылары да бар.

Гимнастшылар үш категория бойынша бақ сынасады: 1-разряд (младшие юниоры), КМС (юниоры) және МС (сеньоры).

Бүгін чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев және мектебіміздің басшысы, көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Ербатырұлы салтанатты сөз сөйледі.

Қала біріншілігінің қорытындысы бойынша 2023 жылға арналған қалалық құрама, сондай-ақ жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысатын құрама жасақталатынын атап өтті.

Чемпионат 2023 жылдың ақпан айында Шымкентте өтеді деп жоспарлануда.
@sport__astana
@samat_zhylkybayev
@sairan2905

 

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *