Tartyl Fest фестивалінің Гранд финалы елордада өтеді Осыған дейін Қазақстанның …

Tartyl Fest фестивалінің Гранд финалы елордада өтеді

Осыған дейін Қазақстанның 19 қаласында өткен «Tartyl Fest» республикалық турникке тартылу фестивалі Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласына жетті.

Шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр.

6 қыркүйек күні «ЭКСПО» сахналық алаңында өтетін фестивальге қатысуға ниет танытқандарды тіркеу сағат 9.00-де басталып, 11.00-ге дейін жалғасады.

Жүлде қоры 3 000 000 теңге!

Ал ашылу салтанаты – сағат 14.00-де. Әзірге ел бойынша рекордты Қарағанды қаласында 50 мәрте тартылған Евгений Намда.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді. Атап айтқанда, 18 жасқа дейін (жасөспірімдер), 18-ден 30 жасқа дейін (жастар) және 30 жас пен одан үлкендер (ересектер).

Жүлде қоры: 1 орын – 200 мың теңге, 2 орын – 100 мың теңге, 3 орын – 50 мың теңге. Гранд финалдың жүлде қоры: 1 орын – 3 млн теңге, 2 орын – 2 млн теңге, 3 орын – 1 млн теңге.

Дәл осы күні білектілердің мықтысын бірге анықтайық! Біз сіздерді күтеміз!
@sport_nursultan

 

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *