with ・・・ Отандық көркем гимнастиканың тағы бір жас дарыны — Эрика Жайлауова…

@ns_korkem_gym with @use.repost
・・・
⚡️ Отандық көркем гимнастиканың тағы бір жас дарыны — @zh8erika Эрика Жайлауова.

▪️Эрика — белгілі хоккеист, «Барыс» клубының ойыншысы Талғат Жайлауованың қызы. Сондықтан болар, кішкентай кезінен Эрика спорттқа бет бұрып, осы саланы серік етіп жүр. Қазіргі таңда, Эрика Жайлауованың отандық көркем гимнастикада өз орны бар, деп есептеуге болады. Ол — көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионы, Ұлттық құрама командасының мүшесі және Азия Чемпионатының күміс жүлдегері.

▪️Гимнасшының спорттағы анасы — @maakosya Асия Нұржанқызы Хайралиева. Алғаш рет Асия Нұржановының қол астына осыдан жеті жыл бұрын келді.

▪️Асия Хайралиева («Я — чемпион» бағдарламасы): Есімде, Эрика маған кішкентай кезінде келді. Әрине, мен ойлаған да жоқпын, осы қыздан чемпион жасаймын деп. Бірінші жарыста ол өзін көрсетіп, жеңді. Сол кезде таңғалдым. Ол өзінің шапшандығымен мені баурады. Біз «предметті гимнастика» дейміз, сол салада ешкімге ұқсамайтын гимнасшы.

▪️Расымен де, «предметті гимнастикада» Эриканың ерекше таланты бар. Оған дәлел, Азия Чемпионатындағы тамаша өнер көрсетуі. Таспамен финалда алдына жан салмай, күміс жүлдені ел қоржынына салды.

▪️Эрика Жайлауова («Я — чемпион» бағдарламасы): Шынымды айтсам, менің көркем гимнастикада ең сүйікті затым жоқ. Бәрін бірдей жақсы көремін. Кейде болып тұрады, бір жабдықпен жарыс жақсы өтеді, біреумен сәтсіз. Бірак, бәрібір оларды жақсы көремін.

▪️Әр жабдыққа арнайы киім үлгісін оның анасы ойластырады.

▪️Спортшының күн тәртібі 6.30 басталды. Таңғы сегізден бастап гимнасшы залда. Оның өз «вайбы» бар дейді спортшылар.

▪️Асия Хайралиева («Я — чемпион» бағдарламасы): Чемпиондық — тек пьедесталда тұру емес. Ол балалық шағын жаттығу залында өтетінін түсіну. Осы жерде достарын пайда болады, қолдауды сезесін, өз елін, туын, әнұранын барын білесін. Өте қиын, әрі ауыр жол. Шыдай білу керек.

Эрика Жайлауова бұл қағиданы жақсы біледі. Ұстазының осы сөзіне мән бергендіктен, қазіргі таңда болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі.

▪️Эрика өзін олимпиадалық чемпион ретінде көреді. Сол арманыңыз міндетті түрде орындалсын ✊🏻

Video: “Я чемпион ПРО”

@sairan2905
@sairan2905

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *