15 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінде жұмысқ…
15 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінде жұмысқа орналастыру аясында Дене шынықтыру және спорт мамандығы түлектерінің жұмыс берушілермен іскерлік кездесуі өтті.
Жиынға мектебіміздің басшысы жұмыс берушілер ретінде Сайранбек Ербатырұлы қатысып қайтты. Және де мектебіміздің
спорттық гимнастика бойынша әйелдер бөлімінің жаттықтырушысы Гончарук Ольга Михайловна да жиында болды.
Кездесу барысында мектеп басшысы мамандық түлектерін осы оқу орнында тәрбиеленетін спорт түрлерімен, қазіргі бос жұмыс орындарымен, балаларға қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымда жұмыс істеудің артықшылықтарымен және т.б. жан-жақты таныстырды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «No1 СДЮСШОР» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасау мәселесі талқыланды.
Кездесу достық жағдайда және нәтижелі өтті.
@sairan2905