25-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет пара дзюдодан «IBSA Гран-П…
25-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан 2022» турнирі өтеді. IBSA – International Blind Sports Association – әлемдегі көру қабілетіне байланысты спорт түрлеріне жауапты негізгі ұйым, сол себепті аталмыш турнир «әлемдік» категориясына ие болып табылады. Жарысқа 24 мемлекеттен 213 спортшы тіркелген. Гран При рейтингтік, әрі классификациялық болып табылады, сол себепті әлемнің ең үздік пара дзюдошылары қатысады. Қазақстан құрамасы 21 дзюдошымен тіркелді.
Паралимпиадалық дзюдо бойынша әлемдік деңгейлі жарыс елордамыздың тарихында бірінші рет өткізілмек. ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тарапынанан қолдаумен өткізілуде. Бас серіктес – Samruk Qazyna және Sport Qory.
Ашылу салтанаты – 28 мамыр 15:00де ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен өтеді деп жоспарлануда.
Жарыстың негізгі бөлігі 28-29 мамыр күндері өтпек. 10:00-13:00 алдын ала белдесулер, 15:00-18:00 финалдық белдесулер, марапаттау шарасы. Тікелей эфир – Qazsport телеарнасынан көрсетілмек.