Жоспар бойынша, 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай ж…
Жоспар бойынша, 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай веложаарыс өтуі тиіс еді.
Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты велошеру 1 маусымға шегерілді.
Бұл туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы былай деп түсіндірді.
«Кешегі күн райы тамаша болды. Бірақ бүгін жаңбырлы әрі тұманды болған соң, жаппай бұқаралық велошеру жарысын өткізуден бас тарттық. Күн райының қолайсыздығы бізге кедергі болып отыр. Дегенмен, бұл табиғи жағдай. Сол себепті, жарысқа қатысуға ниеттенген барлық қала тұрғындарына түсіністікпен қарауларыңа сұраймыз алдын ала алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Бұқаралық веложүгіріс» жарысын қайта өткіземіз», — дейді Самат Жылқыбаев.