Мен жаңа бастамалардан қорқамын Өте жиі кездесетін жағдайлардыың бірі ата-ана…
Мен жаңа бастамалардан қорқамын
Өте жиі кездесетін жағдайлардыың бірі ата-аналар баласының жаңа бастамаларды көруден қорқатынын байқайды. Мысалы, жаңа сыныпқа, жаңа үйірмелерге баруға, бұрын жасап көрмеген элементтерді бастаудан қорқып жатады.
Ата-аналар өздеріне «Осындай жағдайлар қайдан пайда болады?» деп жатады.
Себебі :
*Бала қателік жасауға;
* элементті дұрыс жасамай қаламын ба деген ой қалыптасады.
✔ Осындай жағдайда баланың қателіктерден қорқатындығын байқауға болады.
Жас спортшының мұндай қорқынышын жеңуге көмектесу үшін оның пайда болу табиғатын біліп алу қажет.
Қорқыныш қайдан пайда болады
Мысалдармен қарастырайық.
1. Үйдегі жағдайды алсақ: Бала анасына үй жинауға көмектесемін деп шешті. Үй жинау барысында ол шелек суды төгіп алды немесе саптыаяқты сындырды.
Күнделікті жағдайда бала бір затты дұрыс жасамай қателік жасаса, ата-ана бірден ашуланып жатады. «Көмектеспегенің жақсы болар еді!» деп ұрыса бастайды.
2. Екінші жағдай: Баланың жаттығу барысын ата-ана бақылап қана қоймай басқа балалармен салыстырады. Жаттығу аяқтала салысымен балаға оның жаттығуды дұрыс орындамайтындығын, жалқау екенін айтып жатады.
Екі жағдайда да бала әкесі мен анасының қабағы түйілгенін, олардың риза емес екенін көреді. Осындай жағдайларда стресске ұшырайды.
? Ал енді ата-аналар осы сұраққа жауап беруі керек
✔ Бала жаңа нәрсені көргісі келеді ме? Жауап — жоқ.
✔ Ол қателесуден қорқады ма? Жауап — иә.
«Қорқыныш » балалардың көптеген мүмкіндіктерін бұғаттайды.
Әсіресе» қорқыныш» спорттық нәтижеге әсер етеді. Әдетте, бала спорт үйірмесіне ерте жаста барып жатады. Бала спорт үйірмесімен айналысып жүрсе, бастапқы кезеңінде ата-аналар эмоцияларын басқара білу қажет.