Астана қаласы әкімдігі «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің» 2023 жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» атты салтанатты шарасы өтті.
Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы және мектебіміздің басшысы Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы барлық спортшылар мен әріптестерді құттықтап, жыл үздіктерін марапаттады. 2023 жылғы жетістіктердің қорытындысы бойынша көркем гимнастикадан «Үздік жаттықтырушы» номинациясы Старыгина Инга Ивановнаға табысталды.Көркем гимнастикадан «Үздік спортшы» номинациясын Ерекешева Акмарал еншіледі. Ал «Үздік топ» номинацисяның жеңімпаздары «Золото» командасы болды. Құрамында:…