АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІН АТАП ӨТТІ

23 маусым күні, бар әлемде Халықаралық Олимпиада күні тойланып жатыр. Қазақстан аталған ауқымды шараға 31-рет қатысуда. Ерекше датаны тойлау барысында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мереке мен олимпиадалық қозғалыстың маңызын арттыратын бірқатар іс-шара өткізді.

Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігі Астанада өтті. Елорда тұрғындары бірнеше күн бойы түрлі спорттық іс-шараларға қатысып, ғаламдық деңгейде тойланатын Халықаралық Олимпиада күнінің бір бөлшегі атанды. Бұл іс-шараларға жалпы есебі мыңнан аса адам қатысқан.

Осы жексенбі күні, негізгі іс-шаралар өткен Триатлон саябағына келушілер үлкен мерекенің бір бөлшегіне айналды. Спорттық бағдарлама аясында триатлон мен 3х3 баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды.

Триатлон додасына 250 адам қатысты. Кейін баскетболшылар естелік сыйлықтар үшін өзара сынға түсті. Одан бөлек, көркем гимнастика, брейкинг, таеквондо және бокстан қонақтарға арнайы көрсетілім нөмірлері ұсынылды.

Мерекелік бағдарламаны брейкингтен Қазақстан ұлттық командасының мүшелері ашып, сахнада өз шеберліктерін көрсетті. Таеквондо және бокстан көрсетілім нөмірлерін №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары орындады. Ал көркем гимнастиканың сұлулығын №1 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің гимнастары көпшілік алдында паш етті.

Спорттық жарыстарға қатысушылардың барлығы жарыс нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, ХОК президенті Томас Бах пен Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкиннің қолы қойылған Olympic Day қатысушысы сертификатын иеленіп, естеліктер сыйлықтармен марапатталды.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *