АСТАНАДА «СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛА»: КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Елорда төрінде көркем гимнастикадан дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионат өтіп жатыр. Биылғы турнирде Павлодар, Теміртау, Астана, СҚО, Қарағанды, Жамбыл, Алматы қалаларынан 12 клубтың гимнасшылары жүлде жиынтығын сарапқа салады.

«10-11 ақпан күндері аралығында «Beeline Arena» спорт кешенінде 400-ге жуық жас спортшыларымыз жеке және топтық жаттығуда өз шеберліктерін көрсетеді. Бәсеке 4 жастан 16 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Турнирде тек жүлде сарапқа салынып қоймай, әр гимнасшы спорттық разрядтарын қорғайды. Астана қаласында әр 3 ай сайын іріктеу сайыстарын өткізіп, республикалық, халықаралық додаларға мықтыларды іріктейміз.

Статистикаға назар аударсақ, 4 жыл бұрын қаламызда көркем гимнастикадан 6 мектеп болса, қазір 15-ті құрап отыр. Яғни бұл дегеніміз қаламызда көркем гимнастика қарқынды дамып келе жатқаны.

Жақын күндері Халықаралық Олимпиада Федерациясынан әлемдік деңгейдегі жарыс өткізуге ұсыныс хат келді. Бұйырса наурыз айының ортасында Қазақстан көркем гимнастика федерациясымен бірігіп, турнир ұйымдастырмақшымыз. Бұндай деңгейде бәсеке Астанада 10-15 жыл болғандығын ескерсек, спортшылардың шеберліктерін арттыруға керемет мүмкіндік болмақ» -дейді Alem халықаралық көркем гимнастика мектебінің басшысы Әсем Ахметжанова.

Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанаты барысында 4 жас спортшыға спорттық разряд берілді.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *