Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған Жарлыққа бүгін қол қойды. «Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын», — деп жазылған құжатта.
Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тəмамдаған.
Әр жылдары Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам жəне ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеген.
Осыған дейін, 2022 жылдың ақпанынан бері Amanat партиясының Атқарушы хатшысы ретінде қызмет етті.
~~~~
Асхат Оралов назначен министром культуры и спорта. Соответствующий указ подписал Президент Касым-Жомарт Токаев, передает пресс-служба Акорды. «Назначить Оралова Асхата Раздыковича министром культуры и спорта Республики Казахстан», — говорится в указе.
Асхат Оралов родился в 1990 году в Павлодарской области. Окончил Евразийский национальный университет имени Гумилева, Московский государственный университет международных отношений МИД РФ.
В разные годы работал в филиале партии Nur Otan, управлении по вопросам молодежной политики Астаны, Министерстве по делам религий и гражданского общества, Министерстве общественного развития.
С февраля 2022 года был на должности исполнительного секретаря партии Amanat.