Әлихан Смайылов балаларды тегін спорт секцияларымен қамтуды арттыруды тапсырды …
Әлихан Смайылов балаларды тегін спорт секцияларымен қамтуды арттыруды тапсырды
Қазақстанда орта есеппен халықтың 35%-ға жуығы спортпен шұғылданады. 2025 жылы спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.
«Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорттық инфрақұрылым жасына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан, барлық азаматқа бірдей қолжетімді болуы тиіс.
Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елдімекендерде оларды салу жоспарын қабылдасын», — деді премьер.